---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/28/almatyda-qojmalardyng-birinde-oert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды

![Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78942.jpeg)

**Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

2021 жылдың 28 ақпанында сағат 11:16-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алмалы ауданы, Мақатаев және Мұратбаев көшесі қиылысындағы нысанда өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт шыққан жерге оңтүстік және солтүстік екі өрт сөндіру учаскесі қызметкерлері жұмылдырылды. Автоцистерналар өрт гидрантына орнатылып, нысаннан төрт оттегі баллоны эвакуацияланды.

> — Өрт шыққан жерде қатты түтіндеу және жоғары темпетартура болуына байланысты газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тыныс алу және көру мүшесін қорғау құралдарын қолданып жұмыс істеді. 20 минут ішінде өрт оқшауланды. 60-тан аса өрт сөндіруші, 15 техника жұмылдырылды,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

---

Жарияланды: 2021-02-28T08:31:52+06:00

Жаңартылды: 2021-02-28T08:31:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/28/almatyda-qojmalardyng-birinde-oert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.