---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/27/zhelide-bas-prokwratwranyng-zhalghan-qawlysy-tarap-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Желіде Бас прокуратураның жалған қаулысы тарап жатыр

![Желіде Бас прокуратураның жалған қаулысы тарап жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78924.jpeg)

**Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Бас прокуратурасының фейк қаулысы тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Құжатта қазақстандықтар Ресейде есепке қойылған көлігін ҚР аумағында бас сенімхатсыз жүргізуге тыйым салынатыны жазылған. ҚР Бас прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

> — Желіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіні ресми сайтта жарияланған. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз, — делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында.

[Stopfake.kz](https://stopfake.kz/kk/archives/4962) мәліметінше, фейк суретке мұқият қарағанда, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжаттың ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ онда ештеңе жоқ.

Құжатта жазылған «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңда 60-бап жоқ, олардың саны 25 қана. Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателер көп.

---

Жарияланды: 2021-02-27T09:52:23+06:00

Жаңартылды: 2021-02-27T09:52:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/27/zhelide-bas-prokwratwranyng-zhalghan-qawlysy-tarap-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.