---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/27/almatyda-zhanarmaj-beketine-qaraqshylyq-shabwyl-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

![Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210227195036961a3758537i.jpg)

**Алматылық полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04:00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.

> «Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.

Айта кетейік, олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен.

---

Жарияланды: 2021-02-27T13:57:21+06:00

Жаңартылды: 2021-02-27T13:57:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/27/almatyda-zhanarmaj-beketine-qaraqshylyq-shabwyl-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.