---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/toqaev-atom-energiyasyn-pajdalanw-maeselesi-zhoeninde-zanggha-qol-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды

![Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/b87dffd6c5feca943884dd487d080e4f-scaled.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт****Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

> «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылдың желтоқсанында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев заңның мақсаты халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтқан болатын. Заңнамаға түзетулер радиациялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру міндеттерін шешуге бағытталған.

---

Жарияланды: 2021-02-26T03:45:05+06:00

Жаңартылды: 2021-02-26T03:45:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/toqaev-atom-energiyasyn-pajdalanw-maeselesi-zhoeninde-zanggha-qol-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.