---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/qaraghandy-oblysynyng-avtozholdarynda-60-tan-astam-adam-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды облысының автожолдарында 60-тан астам адам құтқарылды

![Қарағанды облысының автожолдарында 60-тан астам адам құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210225195452691e.jpg)

**Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелген, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алайда соған қарамастан алыс жолға шыққандар бар. Өңірдің ТЖД, полиция және әскери қызметшілері жолда қалып қойған 60-тан астам адамды құтқарып, эвакуациялады.

Кептелісте тұрған автомобильдерден автожолдарды жабу орындарында ТЖ департаментінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі, Апаттар медициналық орталығы және полицияның күшімен адамдарды эвакуациялау және оларды елді мекендер мен жылыту бекеттеріне жеткізу жүргізілуде.

Облыс бойынша барлығы 63 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар.

---

Жарияланды: 2021-02-25T19:19:58+06:00

Жаңартылды: 2021-02-25T19:19:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/qaraghandy-oblysynyng-avtozholdarynda-60-tan-astam-adam-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.