---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-bwkmekerlik-salanyng-mueddesin-qorghady-degen-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді

![Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210226162833a3758180d.jpg)

**ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров брифинг барысында.

Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды.

> «Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», — деді Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, жақында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

---

Жарияланды: 2021-02-26T12:46:44+06:00

Жаңартылды: 2021-02-26T12:46:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-bwkmekerlik-salanyng-mueddesin-qorghady-degen-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.