---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/internettegi-alayaqtar-zhezqazghan-turghyndaryn-24-mln-tenggege-taqyrgha-otyrghyzdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Интернеттегі алаяқтар Жезқазған тұрғындарын 24 млн.теңгеге тақырға отырғызды

![Интернеттегі алаяқтар Жезқазған тұрғындарын 24 млн.теңгеге тақырға отырғызды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/moshenniki.jpg)

**Нұр-Сұлтандық алаяқтар тобы Жезқазған тұрғындарын 24 миллион теңгеге сан соқтырды**, **деп хабарлайды** **Qazaqpress****Zakon.****kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Нұр-Сұлтанның үш тұрғыны өзін астаналық фирмалардың бірінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, киіз үйлер мен моторлы шананы Интернет арқылы қолжетімді бағамен сатып алуды ұсынған. Сонымен бірге тауарды жеткізу үшін алдын-ала төлем төлеу талап етілген. Азаматтар өз есепшоттарынан оларға 300 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша аударды. Бүгіндері Жезқазғандағы осындай 80 факт тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен 24 миллион теңгені құрайды», — деп хабарлады полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері — 26 мен 28 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Олар өз кінәсін мойындады.

> «Алаяқтарға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жүріп жатыр», — деді полиция.

---

Жарияланды: 2021-02-26T06:28:11+06:00

Жаңартылды: 2021-02-26T06:28:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/internettegi-alayaqtar-zhezqazghan-turghyndaryn-24-mln-tenggege-taqyrgha-otyrghyzdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.