---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/arystaghy-oqwshylar-toebelesi-maedeniet-uejining-direktoryna-ajyppul-salyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды

![Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78900.jpeg)

**Оқушылар арасында жаппай төбелесі болған Арыс мәдениет үйі директорына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

> — 2021 жылдың 22 ақпанында Түркістан облысы Арыс қаласының №4 мектебі 11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз-2021» әскери дайындық бойынша мектепаралық конкурс өткізгені анықталды. Іс-шара Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен.
> 
> 
> 
> 
> Байқауды ұйымдастырушылар Арыс қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына іс-шара өтетіні туралы хабарлаған жоқ, — деп хабарлады комитет өкілдері.

Карантин режимін бұзғаны үшін Мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды.

> — Оған ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы 1-тармағына сәйкес 230 АЕК (670 910 теңге. — ескерт.) мөлшерінде айыппұл салынды, — деп толықтырды ведомствоның ресми өкілі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жергілікті мәдениет үйінде оқушылар арасындағы төбелес түсірілген видео тарағаны хабарланған еді. Қазылар алқасы шешіміне наразы жасөспірімдер сахнада төбелес шығарған.

---

Жарияланды: 2021-02-26T10:27:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-26T10:27:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/26/arystaghy-oqwshylar-toebelesi-maedeniet-uejining-direktoryna-ajyppul-salyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.