---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/qr-maedeniet-zhaene-sport-ministrligi-apparatynyng-basshysy-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

![ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021022418070931223_ernat-m-hamadiev.jpg)

**ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастаған. 2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2021-02-25T04:26:25+06:00

Жаңартылды: 2021-02-25T04:26:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/qr-maedeniet-zhaene-sport-ministrligi-apparatynyng-basshysy-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.