---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/pavlodar-oblysynda-23-zhasar-oert-soendirwshi-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды

![Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/hab6okob.jpg)

**Павлодар облысы Ақсу кентінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Жас жігіт өрт сөндіру кезінде зардап шеккен.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, облыстық жедел жәрдем станциясына бүгін — 25 ақпанда таңертең қоңырау түскен.

> — Бригаданың шығуы жеделдіктің бірінші санаты бойынша ұйымдастырылған. Жол бойында жедел жәрдем көлігі Ақсу кентінің амбулаториялық бекетіне жіберілді. Оқиға орнында 1997 жылы туған ер адамның өлімі анықталды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қоңырау ГРЭС амбулаториялық бекетінен түскенін айтады. Ер адам Театральная көшесіндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен.

Зардап шеккен азаматтың улы газбен уланғаны, сондай-ақ беті мен қолын күйік шалғаны анықталды.

---

Жарияланды: 2021-02-25T17:26:42+06:00

Жаңартылды: 2021-02-25T17:26:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/pavlodar-oblysynda-23-zhasar-oert-soendirwshi-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.