---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/atyrawdyng-eki-turghyny-477-myng-tenggening-muelkin-urlaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

![Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210116122947936e.jpg)

**Атырау қаласында екі жігіт «Нұрсая» шағын ауданында 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған ұрлық дерегімен ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-02-25T08:33:52+06:00

Жаңартылды: 2021-02-25T08:33:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/25/atyrawdyng-eki-turghyny-477-myng-tenggening-muelkin-urlaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.