---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/qaraghandyda-pyshaqtalghan-er-adam-awrwhanagha-zhetkizildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағандыда пышақталған ер адам ауруханаға жеткізілді

![Қарағандыда пышақталған ер адам ауруханаға жеткізілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/news_full1569928389bda66bda002c6b0441b2c8399a4f466e.jpg)

**Кеше Қарағанды қаласының медициналық мекемесіне пышақ жарақатымен 39 жастағы ер адам жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Полиция қызметкерлері жәбірленушінің пәтерінде 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ішімдік ішу барысында жанжал болғанын және қақтығыс кезінде жәбірленушіге пышақ салғанын мойындады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-02-24T06:13:33+06:00

Жаңартылды: 2021-02-24T06:13:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/qaraghandyda-pyshaqtalghan-er-adam-awrwhanagha-zhetkizildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.