---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/oeskemende-taksi-zhuergizwshisi-zholawshynyng-soemkesin-tartyp-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды

![Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210223203438a3756793d.jpg)

**Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 43 жастағы қала тұрғыны өзін такси жүргізушісінің тонап кеткендігін айтқан.

> «Анықталғандай, жәбірленуші жол ақысын төлей алмаған. Такси жүргізушісі оны үйдің ауласынан түсіріп, әмияны, жеке куәлігі, 500 теңге ақшасы, банк картасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін алып кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын 45 000 теңгеге бағаланды», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2021-02-23T20:55:54+06:00

Жаңартылды: 2021-02-23T20:55:54+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/oeskemende-taksi-zhuergizwshisi-zholawshynyng-soemkesin-tartyp-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.