---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/ministr-men-depwtattargha-qashan-ekpe-salynatyndyghy-ajtyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Министр мен депутаттарға қашан екпе салынатындығы айтылды

![Министр мен депутаттарға қашан екпе салынатындығы айтылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/000026_1607068656_418625_big.jpg)

**Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне вакцина қашан салынатындығын айтты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Олар мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежеде вакцинациялауға жатады. Ал бұл кезең медициналық қызметкерлер, мұғалімдер қауымы, әскери қызметкерлер толыққанды вакцинациялаудан өткен соң жүзеге асырылады, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметкерлерге екпе салу көзделген, — деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

> — Біз ол кезде қолжетімді кез-келген вакцинаны қолданатын боламыз. Сірә, бұл — Sputnik V болады — деді ол.

1 ақпанда Қазақстанда ерік білдіргендерді жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.

---

Жарияланды: 2021-02-24T14:12:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-24T14:12:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/ministr-men-depwtattargha-qashan-ekpe-salynatyndyghy-ajtyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.