---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/karantin-kezinde-tojda-zhuergen-qaraghandylyq-swdya-zhazalanady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Карантин кезінде тойда жүрген қарағандылық судья жазаланады

![Карантин кезінде тойда жүрген қарағандылық судья жазаланады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78816.jpeg)

**Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы мейрамханада тойда жүрген судьяның видеосы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Судья карантин шарасын бұзған қонақтармен бірдей жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі «бұл жағдайды», яғни мейрамханада халықты жинап той өткізген судьяның әрекетін құптамайтынын айтты.

> — Бұл жағдай бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Судья Қазақстан азаматына қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
> 
> 
> 
> 
> Бұл жалпы халықтың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Қажетті шаралар қабылдаймыз. Мен заңбұзушыларды лауазымына қарай бөлмеймін. Ондай адамдар керісінше үлгі көрсетуі қажет, — деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

---

Жарияланды: 2021-02-24T14:09:35+06:00

Жаңартылды: 2021-02-24T14:09:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/karantin-kezinde-tojda-zhuergen-qaraghandylyq-swdya-zhazalanady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.