---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/elbasy-sh-ajmanov-atyndaghy-qazaqfilm-akcionerlik-qoghamynyng-prezidenti-aqan-sataevty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады

![Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/23-02-2021-satayev_0.jpg)

**Елбасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаевты қабылдады**, **деп хабарлайды Qazaqpress****Elbasy****.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.

> – Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, халықтың ықыласына бөлендіңіз. Фильмдеріңізбен түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. «Анаға апарар жол», «Томирис» және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін, – деді Елбасы.

Әңгіме барысында А.Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

---

Жарияланды: 2021-02-24T03:28:17+06:00

Жаңартылды: 2021-02-24T03:28:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/24/elbasy-sh-ajmanov-atyndaghy-qazaqfilm-akcionerlik-qoghamynyng-prezidenti-aqan-sataevty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.