Жаңатастағы өрт: Қайтыс болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді
Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді», — делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.