---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/22/elzhan-birtanovty-uej-qamaqta-ustaw-waqyty-uzardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты ұзарды

![Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты ұзарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78709.jpeg)

**Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.

Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.

> — Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты, — деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

---

Жарияланды: 2021-02-22T11:48:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-22T11:48:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/22/elzhan-birtanovty-uej-qamaqta-ustaw-waqyty-uzardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.