---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/22/almatylyq-dizajnerding-oelimine-ajypty-11-zhylgha-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматылық дизайнердің өліміне айыпты 11 жылға сотталды

![Алматылық дизайнердің өліміне айыпты 11 жылға сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021022213180842325_2021022209465421309_bisen.jpg)

**Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дизайнер Bisen, яғни Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі, «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Судья мұндай жаза сотталушының Сәбит Бисенге қасақана ауыр дене жарақатын келтіруіне байланысты тағайындалғанын түсіндірді. Соның салдарынан марқұм қансырап, миына қан құйылған. Осыдан кейін Дүйсенғалиев жедел жәрдем қызметіне хабарласпай, жанжал болған жерден кетіп қалғаны атап айтылды.

Судья сотталушының екі кішкентай баласы бар екендігіне байланысты жазаны жеңілдететін жайды қарастырғанын баса айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкімге наразы болса, оған 15 күн ішінде шағымдана алады.

Естеріңізге сала кетейік, алдындағы сот жарыссөзінде прокурор Дүйсенғалиевке 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, ал келесі отырыста ол мерзімді 11 жыл 3 айға дейін қысқартуды сұрады.

Ал прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

18 қазанда Алматыда жас дизайнер Сәбит Bisen ауыр соққыдан қайтыс болды. Кейіннен оны жүріп жүрген қыздың ағасы ұрып-соққаны хабарланды.

Айта кетейік, жас дизайнер Сәбит Bisen рэп әншілері мен хип-хоп мәдениетінің өкілдеріне арнап streetwear-бренд ашқан.

---

Жарияланды: 2021-02-22T11:39:03+06:00

Жаңартылды: 2021-02-22T11:39:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/22/almatylyq-dizajnerding-oelimine-ajypty-11-zhylgha-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.