---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/21/bajqongyrda-zhoghalghan-bir-balanyng-denesi-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды

![Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78654.jpeg)

**Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді. Екінші баланы іздестіріліп жатыр.

> — Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз, — деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу операциясы қалай жүріп жатқанын Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

> — Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз, — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланды. «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

---

Жарияланды: 2021-02-21T15:06:36+06:00

Жаңартылды: 2021-02-21T15:06:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/21/bajqongyrda-zhoghalghan-bir-balanyng-denesi-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.