---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/20/saparbaev-zhangatastaghy-oertten-qaza-bolghan-5-balanyng-ata-anasynyng-shangyraghyna-bardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сапарбаев Жаңатастағы өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды

![Сапарбаев Жаңатастағы өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210220194312958e.png)

**Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатастағы пәтер өртінен көз жұмған бес баланың ата-анасы мен туыстарына барып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыс әкімі марқұмдардың ата-анасының қара шаңырағы орналасқан Талас ауданы, Үшарал ауылына арнайы барған. Ол туралы аймақ басшысы Инстаграм мен Facebook-тегі парақшасында жазды.

> «Бүгін Талас ауданының Үшарал ауылында болдым. Жаңатастағы өрт салдарынан көз жұмған балалардың ата-анасы қазір осындағы қара шаңырағында. Әбдімәліковтер отбасының қайғысына ортақтасып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айттым. Президент тапсырмасына сәйкес, қара жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетілуде»,-деп атап өткен өз жазбасында Бердібек Сапарбаев.

---

Жарияланды: 2021-02-20T14:05:44+06:00

Жаңартылды: 2021-02-20T14:05:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/20/saparbaev-zhangatastaghy-oertten-qaza-bolghan-5-balanyng-ata-anasynyng-shangyraghyna-bardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.