---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/20/prezident-zhangatas-qalasynda-qaza-bolghan-balalardyng-ata-analaryna-koengil-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

![Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_345798.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

> «Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.
> 
> 
> 
> 
> Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
> 
> 
> 
> 
> Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді» , — деп жазды Берік Уәли.

---

Жарияланды: 2021-02-20T14:01:39+06:00

Жаңартылды: 2021-02-20T14:02:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/20/prezident-zhangatas-qalasynda-qaza-bolghan-balalardyng-ata-analaryna-koengil-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.