Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді» , — деп жазды Берік Уәли.