---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/19/zhambyldyq-policejler-marihwana-satwshysyn-ustady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады

![Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/67ec5941-4064-4fc5-840e-9943528d935a.jpeg)

**Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері талдау барысында «марихуана» есірткісін сатқан 34 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Есірткі сатушыны ұстау кезінде тұрғылықты жерін және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 г «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

---

Жарияланды: 2021-02-19T07:15:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-19T07:15:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/19/zhambyldyq-policejler-marihwana-satwshysyn-ustady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.