---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/19/saetbaevtaghy-taertipsizdik-54-adam-sot-aldyna-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: 54 адам сот алдына келді

![Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: 54 адам сот алдына келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78585.png)

**Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша 54 адам сот алдына келді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья-үйлестірушісі Елена Баткульдинаның сөзінше, басты сот талқылауы 1 наурызға белгіленді.

> — 18 ақпанда Сәтбаевтағы тәртіпсіздік бойынша алдын-ала тыңдау болды. 1 наурызға басты сот талқылауы белгіленді. 54 сотталушы бар, оның ішінде бастапқыда үшеуі кәмелетке толмаған, бірақ желтоқсан айында біреуі 18 жасқа толды, — деді судья-үйлестіруші.

Елена Баткульдинаның айтуынша, тағы екі адамға іздеу жарияланған.

Еске салайық, өткен жылдың 23 шілдесінде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрланған болатын. Сол түні бала жергілікті тұрғындардың бірінің пәтерінен табылды. Бұл дерек бойынша баланы ұрлау және зорлау туралы қылмыстық іс қозғалған болатын.

---

Жарияланды: 2021-02-19T09:28:27+06:00

Жаңартылды: 2021-02-19T09:28:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/19/saetbaevtaghy-taertipsizdik-54-adam-sot-aldyna-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.