---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/toqaev-total-koncerni-boelimshesining-prezidenti-arno-brejyakty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Total концерні бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады

![Тоқаев Total концерні бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/0b8e90e0c7f2962afa2e5b80942d4716.jpg)

**Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады**, **деп хабарлайды ****Qazaqpress** **Akorda****.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Кездесу барысында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан мен Total концерні арасындағы ықпалдастықтың алдағы перспективалары, сондай-ақ, жаңа инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа концерннің жасыл технологиялар бағытындағы жұмысын трансформациялау жоспары туралы айтып, кәсіпорынның атауын TotalEnergies деп өзгертуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар француз кәсіпкері концерннің Қазақстандағы мұнай-газ саласы бойынша, соның ішінде, Қашаған кен орнындағы екінші фазаны іске асыру аясындағы ірі жобаларға, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері бағытындағы бірқатар жобаға инвестиция салуға дайын екенін нақтылады.

Мемлекет басшысы мұнай-газ концернінің даму стратегиясын өзгерту жөніндегі шешімін құптап, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Каспий және Оңтүстік-Еуропа аймағы бағытындағы бөлімшесінің жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.

---

Жарияланды: 2021-02-18T04:51:15+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T04:51:15+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/toqaev-total-koncerni-boelimshesining-prezidenti-arno-brejyakty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.