---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/toqaev-oezbekstannyng-syrtqy-ister-ministrin-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

![Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/f19e917a6138ac7cabc1366d4a70ddbd.jpg)

**Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады**,**деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Кездесу барысында министр Президентке Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

---

Жарияланды: 2021-02-18T10:26:48+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T10:26:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/toqaev-oezbekstannyng-syrtqy-ister-ministrin-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.