---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/qazaqstandyqtardyng-aty-zhoenin-latyn-aelipbiimen-zhazw-erezheleri-aezirlenedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтардың аты-жөнін латын әліпбиімен жазу ережелері әзірленеді

![Қазақстандықтардың аты-жөнін латын әліпбиімен жазу ережелері әзірленеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/7616fdff4c64654a.jpeg)

**Қазақстан азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

> «Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленбек. Одан бөлек ел аумағындағы географиялық объектілердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандартталады. Сондай-ақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық базасын құру көзделген», — деді вице-министр.

Оның айтуынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына» өзгерістер енгізілген. Ол бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда орналастыру мүмкіндігін алды.

---

Жарияланды: 2021-02-18T15:31:28+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T15:32:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/qazaqstandyqtardyng-aty-zhoenin-latyn-aelipbiimen-zhazw-erezheleri-aezirlenedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.