---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/pavlodarda-urlanghan-koelikter-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда ұрланған көліктер табылды

![Павлодарда ұрланған көліктер табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210116122947936e.jpg)

**Павлодар****да****ұрланған автокөлікті Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тапты, деп хабарлайды** **Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

> – Аталған көлікті күдіктілердің біріне тиесілі гаражға тінту жүргізу кезінде полиция қызметкерлері тәркіледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Айта кетсек, павлодарлық жедел қызметкерлер қымбат автокөліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстаған болатын. Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық ұйымды құру және оған қатысу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

> – Топ құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірді. Бүгінгі таңда түрлі маркалы сегіз автокөлік табылды, оның ішінде «Toyota Аvensis» маркалы екі автокөлік, «Toyota Land Cruiser Prado120» маркалы төрт автокөлік, сондай-ақ «Лада-Гранта» және «Газель» маркалы автокөлік бар, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

---

Жарияланды: 2021-02-18T05:39:42+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T05:39:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/pavlodarda-urlanghan-koelikter-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.