---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/pavlodar-oblysynda-zhol-apatynan-zhuergizwshi-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

![Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118200829539a3742483i.jpg)

**Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 15:00-де Омбы — Майқапшағай автожолында «Лада-гранта» және «Ауди-100» автокөліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Лада» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы екі жолаушы мен «Ауди-100» автокөлігінде болған екі адам ауруханаға жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

 

---

Жарияланды: 2021-02-18T15:15:45+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T15:15:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/pavlodar-oblysynda-zhol-apatynan-zhuergizwshi-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.