Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 15:00-де Омбы — Майқапшағай автожолында «Лада-гранта» және «Ауди-100» автокөліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Лада» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы екі жолаушы мен «Ауди-100» автокөлігінде болған екі адам ауруханаға жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.