---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/nur-sultanda-er-adam-78-zhastaghy-zejnetkerdi-tonap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда ер адам 78 жастағы зейнеткерді тонап кетті

![Нұр-Сұлтанда ер адам 78 жастағы зейнеткерді тонап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/183120.jpg)

**Нұр-Сұлтанда 78 жастағы зейнеткерді тонап кеткен, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Полицейлер күдіктіні камера арқылы анықтап, ұстады.

> — Оқиға туралы полицияға 78 жастағы зейнеткер хабарлады. Қарияның айтуынша, түскі уақытта ол Бейсекова көшесімен үйіне бара жатқан. Осы уақытта жанына бір жас жігіт келіп, жақын жердегі түскі ас ішуге болатын орындарды сұраған. Қария күдіктенбестен жолды түсіндіріп жатқанда, ер адам оны жұдырықпен ұрып құлатқан, — деді полиция қызметкерлері.

Қарақшы зейнеткердің ақшасы мен құжаттары бар әмиянын және екі ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден қашып кеткен.

> > — Қарақшы ақша мен ұялы телефонды иемденіп, құжаттарды лақтырып жіберген. Елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері күдіктіні анықтады. Олар 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, — деп хабарлады департамент өкілдері.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

---

Жарияланды: 2021-02-18T10:21:25+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T10:21:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/nur-sultanda-er-adam-78-zhastaghy-zejnetkerdi-tonap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.