---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/mangghystawda-migrant-is-sharasy-barysynda-izdewde-zhuergen-eki-azamat-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстауда «Мигрант» іс-шарасы барысында іздеуде жүрген екі азамат ұсталды

![Маңғыстауда «Мигрант» іс-шарасы барысында іздеуде жүрген екі азамат ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/whatsapp-image-2021-02-08-at-150056.jpeg)

**«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Жүргізілген іс-шара барысында Өзбекстан Республикасында іздеуде жүрген 48 жастағы азамат ұсталды. Ер адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі (Валюталық құндылықтарды заңсыз сатып алу немесе сату) бойынша іздестірілуде. Аталған факт бойынша қажетті құжаттар жиналды.

Сондай-ақ шара кезінде ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша іздеу жарияланған 42 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

---

Жарияланды: 2021-02-18T07:25:17+06:00

Жаңартылды: 2021-02-18T07:25:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/mangghystawda-migrant-is-sharasy-barysynda-izdewde-zhuergen-eki-azamat-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.