---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/almatyda-tergew-izolyatorynan-sottalwshy-qashyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

![Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/pobeg17022021.png)

**Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — 15 ақпанда ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давудов қашып кетті.
> 
> 
> 
> 
> Аталған факт бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады, жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

> — Айта кетейік, қашып кеткен ер адам 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған, — деп қосты ведомстводағылар.

---

Жарияланды: 2021-02-17T19:13:58+06:00

Жаңартылды: 2021-02-17T19:13:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/18/almatyda-tergew-izolyatorynan-sottalwshy-qashyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.