---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/qazaqstan-biligi-aes-salw-twraly-sheshim-qabyldaghan-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан билігі АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ

![Қазақстан билігі АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/thumbs_b_c_ec53fe079f634bc805306e832f47a680.jpg)

**Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазіргі кезде АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай және Ресейдегі реакторлық технологиялар зерттелуде.

Энергетика министрлігі жыл сайын электр энергиясының орта және ұзақ мерзімді балансын бақылайтыны хабарланған. Ұзақ мерзімді болжамды баланс қуат тапшылығына ұрынған. Сондықтан Энергетика министрлігі әртүрлі энергия көздерін қолдана отырып, негізгі және икемді электр энергиясын өндіруді іске қосу нұсқаларын қарастырып жатыр.

> — Тұтынудың жыл сайынғы өсімін және экологиялық талаптардың қатаюын ескере отырып, АЭС базалық жүктеменің орнын толтырудың баламалы көздерінің бірі болып табылады. Министрлік АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және т.б. секілді әлемдегі жетекші өндірушілердің реакторлық технологияларын зерттеуде. Алайда қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жоқ, — делінген хабарламада.

Министрлік атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданар кезде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халықтың пікірі де ескерілетінін ескерте кетті.

---

Жарияланды: 2021-02-16T19:26:22+06:00

Жаңартылды: 2021-02-16T19:26:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/qazaqstan-biligi-aes-salw-twraly-sheshim-qabyldaghan-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.