---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/almatyda-zhuek-koeligi-qozghalysyna-shektew-qojylwy-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

![Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/9ebe062b5cb27f09f32116dde5d9fcbd_800_550_0.jpg)

**Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. **

Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

> — Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан аса жүк көлігі кіретінін көрсетті, — деп жазды мегаполис әкімі.

Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.

---

Жарияланды: 2021-02-16T19:32:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-16T19:32:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/almatyda-zhuek-koeligi-qozghalysyna-shektew-qojylwy-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.