---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/almaty-oblysynda-zhumyspen-qamtwdyng-zhol-kartasy-2020-baghdarlamasy-ayasynda-900-ge-zhwyq-zhoba-iske-asty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 900-ге жуық  жоба іске асты

![Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 900-ге жуық  жоба іске асты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/img-20210217-wa0004.jpg)

**ЖҚЖК-2020: 105,6 млрд. теңгеге 900-ге жуық  жоба іске асты****, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аса басымдылыққа ие, ол Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында сәтті жүзеге асырылуда.

2020 жылы пандемия кезеңіне қарамастан бағдарлама аймақтарда қарқынды жүзеге асырылды.

> «2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында 900-ге жуық жоба іске асырылды, бұл 19,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 562 млрд. теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді, оның ішінде меншікті кірістер 25% — ға өсті және 284 млрд. теңгеге жетті»,-деп атап өтті өңір басшысы Амандық Баталов.

Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға Алматы облысында 105,6 млрд. теңге қаржы бөлінген.

---

Жарияланды: 2021-02-17T06:45:21+06:00

Жаңартылды: 2021-02-17T06:47:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/17/almaty-oblysynda-zhumyspen-qamtwdyng-zhol-kartasy-2020-baghdarlamasy-ayasynda-900-ge-zhwyq-zhoba-iske-asty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.