---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/16/almaty-oblysynda-aekim-otstavkagha-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында әкім отставкаға кетті

![Алматы облысында әкім отставкаға кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78430.jpeg)

**Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады.

Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.

> — Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі, — деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарды.

---

Жарияланды: 2021-02-16T10:41:35+06:00

Жаңартылды: 2021-02-16T10:41:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/16/almaty-oblysynda-aekim-otstavkagha-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.