Алматы облысында әкім отставкаға кетті

Алматы облысында әкім отставкаға кетті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады.

Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.

— Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі, — деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарды.