Қызылорда Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті

Қызылорда Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті

Қызылорда облысында Алматыдан Мәскеуге кетіп бара жатқан жүк көлігі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 1698 шақырымында болды.

«Аталған аумақта DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.