---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/15/almaty-oblysynda-zhol-apatynan-7-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

![Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78363.jpeg)

**Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында болған апаттан жеті адам қайтыс болды,  деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Жеңіл көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған ауыр жүк көлігіне соғылған.

Айта кетсек, аталған қайғылы оқиға 14 ақпанда автожолдың 342-шақырымында болды.

> — Жол апатынан жеті адам қаза болды: Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы. Қайтыс болғандардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу ПБ жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Алматы облысының полиция департаменті қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр, — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

---

Жарияланды: 2021-02-15T06:17:22+06:00

Жаңартылды: 2021-02-15T06:17:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/15/almaty-oblysynda-zhol-apatynan-7-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.