---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/14/aqmola-oblysy-qyzyl-ajmaqtan-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

![Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/946bf8f48a5ba5406ae45aaaf90f7107.jpg)

**Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

14 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған. Ол — Павлодар облысы. 13 ақпанға дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті.

«Сары» аймақта Ақмола облысымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

---

Жарияланды: 2021-02-14T09:24:16+06:00

Жаңартылды: 2021-02-14T09:24:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/14/aqmola-oblysy-qyzyl-ajmaqtan-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.