---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/shqo-turghynyn-podezde-pyshaqtap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО тұрғынын подъезде пышақтап кетті

![ШҚО тұрғынын подъезде пышақтап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77078.jpeg)

**Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғынын подъезде пышақтап кеткен, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында полиция қызметкерлері Гагарин даңғылында жүрген киімінде қан іздері бар 22 жастағы жігітті ұстады.

> «Анықталғандай, ер адам сол даңғылдағы тұрғын үйлердің біріндегі подъезде 33 жастағы азаматқа пышақ сұққан. Жараланған жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған бірден медициналық көмек көрсетілді, — деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

---

Жарияланды: 2021-02-13T11:09:49+06:00

Жаңартылды: 2021-02-13T11:09:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/shqo-turghynyn-podezde-pyshaqtap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.