---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/qostanaj-oblysynda-karantin-ajtarlyqtaj-zhengildejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді

![Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/pogoda-zima.jpg)

**Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді, деп хабарлайды Qazaqpress Alau.kz-ке  сілтеме жасап.**

15 ақпаннан бастап мынадай жеңілдіктер енгізіледі:

- Аптаның барлық күнінде шаштараз, сұлулық салоны, маникюр, педикюр, косметология салондарының жұмысына рұқсат етілсін;
- Жексенбіден басқа күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сауда және ойын-сауық орталықтарының, супермаркет, гипермаркет, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмысына рұқсат етілсін;
- Қоғамдық тамақтану объектілеріне аптаның барлық күні сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, бірақ толымдылық 50 пайыздан, отыратын орын саны 30-дан аспауы тиіс;
- Қоғамдық қалалық көліктің жұмысына аптаның барлық күніне уақыт шектеуінсіз отыратын орындар саны бойынша толымдылықпен рұқсат етілсін;
- Жабық спорт-сауықтыру және фитнес-орталықтарының жұмысына аптаның барлық күні 30 пайыз толымдықпен 7:00-ден 22:00-ге дейінрұқсат беру;
- Мәдениет объектілерінде 30 адамға дейін дайындық жасауға рұқсат ету;
- Театрлар, кинотеатрлардың жұмысына 20 пайыз толымдықпен рұқсат ету;
- Фудкордтар тек тапсырыс беру арқылы жұмыс істеуге рұқсат.

---

Жарияланды: 2021-02-13T14:51:18+06:00

Жаңартылды: 2021-02-13T14:51:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/qostanaj-oblysynda-karantin-ajtarlyqtaj-zhengildejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.