---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/qazaq-air-ushaghynyng-shassii-zharyldy-oqighagha-qatysty-aak-tuesinik-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды: оқиғаға қатысты ААК түсінік берді

![Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды: оқиғаға қатысты ААК түсінік берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/16281990.jpg)

**Бүгін, 13 ақпанда Qazaq Air ұшақтарының шассиі жарылғаны туралы екі оқиға хабарланған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Осыған байланысты ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тексеру жүргізетін болды.

Qazaq Air әуе компаниясының ұшақтарымен болған екі оқиға бойынша ақпарат расталды. Біріншісі 12 ақпанда, екіншісі 13 ақпанда болған.

> — 12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейс ұшағымен авиациялық оқиға болды. Алдыңғы шасси қақпағының жарылуына байланысты әуе кемесі 700 метр жүріп, ары қалай ұшып кетпеді. Ұшақ тұраққа сүйреп апарылды.
> 
> 
> 
> 
> 13 ақпанда сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ, — делінген ААК хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-02-13T09:41:11+06:00

Жаңартылды: 2021-02-13T09:41:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/qazaq-air-ushaghynyng-shassii-zharyldy-oqighagha-qatysty-aak-tuesinik-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.