---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/oeskemende-psihotroptyq-zattardy-sawdalawshy-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде психотроптық заттарды саудалаушы ұсталды

![Өскеменде психотроптық заттарды саудалаушы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo-310180-1.jpeg)

**Өскемен қаласында полиция қызметкерлері жүйкеге әсер ететін заттарды саудалаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары мобильді қосымша арқылы психотроптық заттарды саудалаған 35 жастағы күдіктіні шаһардағы қонақүйлердің бірінің маңайынан қолға түсірді.

> «Тінту кезінде Глубокое ауданының тұрғынынан полимерлі түйіншек табылды. Сараптама қорытындысы бойынша бұл психотроптық зат болып шықты. Осылайша, полиция қызметкерлері 40-тан астам дозаның таратылуына тосқауыл қойды», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2021-02-13T06:27:26+06:00

Жаңартылды: 2021-02-13T06:27:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/13/oeskemende-psihotroptyq-zattardy-sawdalawshy-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.