---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/qyzylordada-bir-otbasynyng-3-adamy-tuetinge-wlanyp-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада бір отбасының 3 адамы түтінге уланып қалды

![Қызылордада бір отбасының 3 адамы түтінге уланып қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210212010957399a3752226i.jpg)

**Қызылорда облысы Шиелі ауданында бір үйде үш адам түтінге уланып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға 11 ақпанда сағат 20.55 шамасында болды. Аудан орталығындағы Кәрімбаев көшесінде жеке үйде тұратын отбасы мүшелері қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаған. Салдарынан отбасындағы үш адам түтінге уланып қалған. 1973 жылғы азаматша мен 2000 жылғы азаматтың жағдайы ауыр деп бағаланды. Ал 17 жастағы жасөспірім қыздың жағдайы алаңдатарлық емес.

> «Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 1 техника мен 2 маман барды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасынан 3 маман 1 техника келді. Түтінге уланып қалған науқастар аудандық ауруханаға жатқызылды», — деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

---

Жарияланды: 2021-02-11T21:02:23+06:00

Жаңартылды: 2021-02-11T21:02:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/qyzylordada-bir-otbasynyng-3-adamy-tuetinge-wlanyp-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.