---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/bekshin-almaty-marafonyn-oetkizwge-ruqsat-bermedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекшин «Алматы марафонын» өткізуге рұқсат бермеді

![Бекшин «Алматы марафонын» өткізуге рұқсат бермеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_156115.jpg)

**Жылда өткізілетін «Алматы марафонын» ұйымдастырушылар бұл іс-шараны бұрын келісілген күннен (11 сәуір 2021 ж.) 2021 жылғы 12 қыркүйекке ауыстырды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****Zakon.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Себебі олардың қолына Алматы қалалық Спорт басқармасы және Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен Жандарбек Бекшин қол қойған ресми жауап қағаз келген.

> — Біз «Алматы марафонын» өткізу жайын бірнеше рет талқыладық. Біз спорттық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінеміз, бірақ, өкінішке қарай, еліміздегі жағдай әлі де тұрақсыз және нақты жауап беріп, бұқаралық шараға рұқсат беру туралы шешімді қабылдау мәселесі оңай болмады. Бірақ, соған қарамастан, ұйымдастырушыларды қолдауға дайынбыз. Біз санитарлық дәрігерден ақпан айының соңынада кішігірім Қысқы жарыс өткізуге рұқсат алдық. Сол жарысты өткізу қорытындысы бойынша біз жауапты адамдармен карантин кезеңіндегі келесі ауқымды іс-шараны өткізудің мән-жайын егжей-тегжейлі талқылаймыз», — деді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов.

---

Жарияланды: 2021-02-12T04:59:03+06:00

Жаңартылды: 2021-02-12T04:59:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/bekshin-almaty-marafonyn-oetkizwge-ruqsat-bermedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.