---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/almaty-policiyasy-l-kapital-kompaniyasynan-zardap-shekken-salymshylargha-uendew-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы полициясы «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға үндеу жасады

![Алматы полициясы «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға үндеу жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78259.jpeg)

**Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының зардап шеккен салымшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Олар қазақстандықтардан тәртіп сақшыларына арыз беруді сұрады. Зардап шеккендердің ұжымдық арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

>  «L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Алматы қаласы ПД ҚБ-не өтініш беру немесе 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797 телефондарына қоңырау шалу қажет», — деді полицейлер.

Еске салайық, кеше қазақстандықтар алданып қалған консалтинг компаниясының үстінен жаппай шағымданды. Көбі акция сатып алу үшін пәтерлері мен автомобильдерін сатқан. Компания бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген.

Рахымбек Ураков өз мәселесімен редакциямыздың WhatsАpp нөміріне хабарласты. Оның айтуынша, компания акциясын 25 миллион теңгеге сатып алған. Салған қаражатын қайтаруды талап еткенде компания төлем жасаудан бас тартқан.

> — Мені L-Capital-ға отбасымызбен араласатын досымыз шақырды. Ол компанияның нарықта он жыл қызмет істеп келе жатқанын, қаражатымыз ірі жобаларға салатынын және осылайша дивидендтер төлейтінін айтты. Мен оны тыңдап, пәтерімді сатып, 25 миллион теңге салдым. Бірақ төрт ай өткен соң келісімшартты бұзып, ақшамды алуға шешім жасадым. Бұл 2020 жылдың ақпаны. Олар келісті, бірақ ақшамды қайтаруды кейінге қалдырып келеді. Пандемияға жапты. Кейін тіпті төлем жасаудан бас тартты», — деді Рахымбек Ураков.

Оның айтуынша, 50-ден аса адам өз қаражатын қайтара алмай жүр. Олар күн сайын Алматыдағы кеңселерге барады.

> — Біз прокуратураға, полицияға арыз жаздық. Үнемі Алматыдағы кеңсеге барамыз. Басқа өңірлерден, қалалардан келгендер де бар, — дейді Рахымбек Ураков.

---

Жарияланды: 2021-02-12T09:37:40+06:00

Жаңартылды: 2021-02-12T09:37:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/12/almaty-policiyasy-l-kapital-kompaniyasynan-zardap-shekken-salymshylargha-uendew-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.