---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/11/almaty-oblysynda-aekimdik-qyzmetkerleri-ustalghan-saetting-videosy-pajda-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында әкімдік қызметкерлері ұсталған сәттің видеосы пайда болды

![Алматы облысында әкімдік қызметкерлері ұсталған сәттің видеосы пайда болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210116122947936e.jpg)

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Талғар ауданы әкімдік қызметкерлерінің пара алып жатқанда ұсталған сәтінің видеосын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Видеоны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жариялады.

Видео кадрларынан агенттік қызметкерлері Талғар ауданы әкімдігі ғимаратына, одан әрі аудан әкімі Серікжан Ерекешевтің кабинетіне кіргенін көруге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері қосымша тағы бір үйде тінту жүргізді. Ондағы бөлмелердің бірінде ер адам мен қыз отырғаны көрінеді. Үстел үстінде жатқан көк қаптан бір миллион теңгеден аса сомадағы бірнеше 20 мың купюрасы салынған қағаз табылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері үйдің ауласында қалтасынан 20 мыңдық купюраны алып жатқан тағы бір адамды ұстады. Сондай-ақ, Талғар ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларының кабинеттеріне тінту жүргізілген.

Ведомстводағылар пара алу кезінде шенеуніктерді ұстау облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өңірлік прокуратурасы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болғанын хабарлады.

Бұған дейін қала әкімі Серікжан Ерекешевке және оның қарамағындағы қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

---

Жарияланды: 2021-02-11T12:01:33+06:00

Жаңартылды: 2021-02-11T12:01:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/11/almaty-oblysynda-aekimdik-qyzmetkerleri-ustalghan-saetting-videosy-pajda-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.